Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы

«Цеснабанк» АҚ еншілес ұйымы «Цесна Гарант» сақтандыру компаниясы»АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы 1978 жылғы 30 маусымда өмірге келді.


Білімі:
2000 жылы Д.Ә. Жақсыбек American University-ін «Халықаралық қаржы және маркетинг» мамандығы бойынша «Әкімшілдендіру бизнесін» бакалавр дәрежесімен бітірді, 2002 жылы New York University-ін «Кредиттік талдау» мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:
Дәурен Әділбекұлы еңбек қызметін 2000 жылы RZB Finance LLC-де (Нью-Йорк, АҚШ) жобаларды қаржыландыру бөлімінің кредиттік офицері лауазымынан бастады, содан кейін 2003 жылдан бастап Raiffeisen Zentralbank (RZB) AG (Вена, Австрия) сауданы қаржыландыру бөлімінің менеджері болып еңбек етті. 2006 жылдан 2015 жылға дейін «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасы лауазымын атқарды. Дәурен Әділбекұлы қазіргі кезде келесі компаниялардың: «Цесна Гарант» сақтандыру компаниясы» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Цесна» корпорациясы» АҚ, «Цесна» қаржы холдингі» АҚ, «Цесна Капитал» АҚ, «Плюс Банк» КАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады, сондай-ақ «Плюс Банк» КАҚ Президенті, «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan мүшесі, Астана қ. кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, Британдық комитеттің мүшесі – Қазақстандағы Британдық сауда палатасының Қазынашысы, «Нұр Отан» партиясы» ҚБ Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі болып табылады.

Жеке марапаттары:
Ордендері: экономиканы дамытуға сіңірген еңбегі, үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» ордені, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының «Еңбек сіңірген қаржыгер» қоғамдық ордені, ҚР қаржы секторын дамытуға сіңірген зор еңбегі үшін «Мерей» қоғамдық ордені.
Медальдары: Қазақстан Республикасының Президентінен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Атамекен» ҚР кәсіпкерлері Ұлттық палатасынан 3-ші дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін».
«Жыл кәсіпкері 2012» конкурсының «Қарқынды дамушы бизнес» аталымының және «Жыл кәсіпкері 2012» конкурсының «Халықаралық ынтымақтастық» аталымының жеңімпазы.

Қоса атқару бойынша:

  • «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Лауазымдық міндеттеріне және өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кіреді.
  • «Цесна» корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Лауазымдық міндеттеріне және өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кіреді.
  • «Цесна» қаржы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Лауазымдық міндеттеріне және өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кіреді.
  • «Цесна Капитал» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Лауазымдық міндеттеріне және өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кіреді.
  • Астана қ. кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы. Лауазымдық міндеттеріне және өкілеттіктеріне Астана қ. кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кіреді.
  • «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. Лауазымдық міндеттеріне және өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кіреді.
  • «Плюс Банк» КАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Лауазымдық міндеттеріне және өкілеттіктеріне Ресей Федерациясының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кіреді.
  • «Плюс Банк» КАҚ Президенті. Лауазымдық міндеттеріне және өкілеттіктеріне Ресей Федерациясының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және Қоғамның басқа құжаттарына сәйкес Президенттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кіреді.
  • Британдық комитеттің мүшесі – Қазақстандағы Британдық сауда палатасының Қазынашысы. Лауазымдық міндеттеріне және өкілеттіктеріне заңнамаға және басқа құжаттарға сәйкес бұл Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кіреді.