Standard & Poor’s «Цесна Гарант» Ск
рейтингін растады: “В+”, болжам тұрақты

2017 жылғы 28 маусымда S&P Global Ratings «Цеснабанк» еншілес ұйымы «Цесна Гарант» сақтандыру компаниясы» АҚ-на тағайындалған контрагенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін және қаржылық тұрақтылықтың ұзақ мерзімді рейтингін “В+” деңгейінде, сондай-ақ ұлттық шкала бойынша «kzBBB» рейтингін растады. Рейтингтер бойынша болжам – “Тұрақты”.
Компания қол жеткізген нәтижелер агенттіктің рейтингтер бойынша ағымдағы болжамын «Тұрақты» ретінде растауға мүмкіндік берді.
S&P-тің «Тұрақты» болжамы 2017-2018 жж. кезеңінде «Цесна Гарант» сақтандыру компаниясы» АҚ агенттіктің пайымына сәйкес, өзінің операциялық қызметінде пайдалы және тиімді көрсеткіштерін жалғастырады деген пікірді айғақтайды.
Бұл ірі халықаралық рейтинг агенттігінің рейтингі санаулы қазақстандық сақтандыру компанияларында ғана бар екенін атап өту маңызды.
- Күрделі экономикалық жағдай және құбылмалылықтың жоғары деңгейі кезеңінде біз үшін қаржылық тұрақтылықтың жоғары деңгейін сақтап қалу өте маңызды, – деп түйіндеді Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Майра Тортаева .

    

Вернуться назад