Өнімдер

Калькулятор страхования

ҚР «Халық көші-қоны туралы» Заңының талаптарына сәйкес: шетел жұмыскерлері, бизнес-иммигранттары, маусымдық шетел жұмыскерлері және еңбек көшіп қонушылары Қазақстан Республикасы аумағына келу және мекендеу үшін, медициналық сақтандыру полисін алуға тиіс.

 

 «Цесна Гарант» Сақтандыру компаниясы резидент емес азаматтардың ауруына байланысты, сақтандыру қызмет көрсетуін ұсынады – «Шетелдік» (медициналық сақтандыру), аталған бағдарлама кенеттен ауырған жағдайда немесе өлім жағдайында өз еліне қайтаруға қатысты (репатриация) шығындарын өтейді. 

 

Сақтандыру бағдарламасы

 

Медициналық қызмет көрсету атауы

Сақтандыру сомасы шегінде ұсынылатын медициналық қызмет көрсету көлемі

Тәуліктік диспетчерлік қызметі

1)  жедел жәрдем шақырту;

2)  жедел медициналық жәрдем келгенше, үйлестіруші-дәрігердің ұсыныстары;

3) Сақтандырылғанның сақтандыру бағдарламасы, лимиті және шығындары бойынша ақпараттық қызмет көрсету.

Жедел медициналық жәрдем

Сақтандырылғанның өміріне және денсаулығына қауіп төнген жағдайда (шұғыл жағдайларда), Call-CenterАссистанс арқылы мемлекеттік жедел жәрдем қызметі бригадасымен шұғыл медициналық көмек ұйымдастыру. Жедел медициналық жәрдем көрсету бригадасының шығуы, қала және облыс орталығының әкімшілік шекарасы шегінде атқарылады: 

1)  Жедел медициналық жәрдем көрсету бригадасының шығуы;

2)  қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізу;

3)  дәрі-дәрмектер және медицина аппаратурасын қолдану;

4)  Сақтандырылғанды мамандандырылған медициналық мекемесіне орналастыру.

Репатриация

Сақтандырылғанның тірі кезінде азамматығы сол елде болған Сақтандырылғанның денесін еліне жеткізу (репатриация) шығындары, атап айтқанда:

жерлеу орнына жақын орналасқан, Сақтандырылғанның тірі кезінде азамматығы сол елде болған халықаралық әуежайына Сақтандырылғанның сүйегін жеткізуді ұйымдастыруға, сақтауға және тасымалдауға байланысты шығындары.

 

Қызмет көрсетуді Сервис компаниясы  «SBS MED АССИСТАНС» ЖШС қамтамасыз етеді.


Сақтандыру жағдайы:

  1. Сақтандыру жағдайы белгілері бар кез келген оқиға және/немесе соның салдарынан сақтандыру жағдайы туындауы мүмкін жағдаяттарда, атап айтқанда, сақтандыру шартымен қамтылған медициналық жәрдем немесе басқа қызмет көрсету бойынша жүгіну алдында, Сақтандырылған немесе басқа мүдделі тұлға жедел, бірақ, оқиға басталған сәттен 24 сағаттан асырмай, сақтандыру шартында (сақтандыру полисінде) көрсетілген телефондар арқылы Ассистанспен байланысуға міндетті, және хабарлауға тиіс:
     1)Сақтандырылғанның аты-жөнін;
     2)Сақтандыру шартының нөмірін және қолдану мерзімін;
     3)Сақтандырылғанның орналасқан жерін, байланыс телефондарын;
     4) болған жағдайын және оған қандай көмек керек екенін.
  2. Ассистанстан нұсқама алғаннан кейін,Сақтандырылған алған нұсқамаларға сәйкес мұқият әрекеттенуге тиіс.
  3. Сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру жағдайы басталғанда, Ассистанс Сақтандырушының атынан Сақтандырылғанға сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру сомасы шегінде қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
  4. Ассистансқа дер кезінде хабарласу, сақтандыру төлемін атқару бойынша міндетті талап ретінде танылады.


Жүгіну байланыс деректемелері:

Қызмет көрсетуді Сервис компаниясы  «SBS MED АССИСТАНС» ЖШС қамтамасыз етеді.

ТӘУЛІКТІК ҮЙЛЕСТІРУШІ ОРТАЛЫҒЫ
КӨПАРНАЛЫ ТЕЛ.: 8 (727)  233-03-00
ұялы: 8 701 752  15 05, 8 701 752 15 04